Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Колледжге түсудің артықшылықтары

Құрметті мектеп түлектері және ата-аналар!

 

«ҚАРСАҚПАЙ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КММ  келесі мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру гранттары (тапсырыс) бойынша конкурстық негізде және әңгімелесу (собеседование) арқылы 9 және 11-сыныптардан кейін күндізгі оқу нысаны бойынша  оқуға қабылдау жүргізеді:

Мамандықтар

Біліктіліктер

Сынып базасында

Оқу мерзімдері

1

1201000- Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және     пайдалану /конкурс негізінде/

1201123–Техник-механик

9 сынып

3 жыл 10 ай

2

1510000 – Ауыл шаруашылығын механикаландыру

/ әңгімелесу арқылы/

1510022 – Мал шаруашылық кешендері мен фермалар операторы

11 сынып

10 ай

 

 

3

1504000 – Фермер шаруашылығы

/ әңгімелесу арқылы/

1504062– Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторист-машинист

9 сынып

1 жыл 10 ай;

2 жыл 10 ай

4

0518000 – Есеп және аудит

/ әңгімелесу арқылы/

0518012 - Бухгалтер

11 сынып

10 ай

 

0518023-Бухгалтер-ревизор

9 сынып

2 жыл 10 ай

 

Фермер шаруашылығы мамандығы  «Дипломмен ауылға » бағдарламасына  Қазақстан Республикасы  Ауылшаруашылығы министрінің 2015 жылдың 17 наурызындағы қаулысы  бойынша енгізілген.

Жергілікті бюджет бойынша 9-11 сынып бітірген жас ерекшелігіне қарамастан қабылданған студенттер  оқу үлгеріміне қарай /жақсы және үздік/ шәкіртақымен қамтамасыз етілсе, Елбасының  «Нәтижелі  жұмыспен  қамту  бағдарламасы»  бойынша  оқуға қабылданған  29 жасқа дейінгі студенттерге Республикалық  бюджеттен ай сайын шәкіртақы төленеді. 9 сынып бітіріп келген талапкерлер қабылданған мамандығының бір біліктілігі бойынша лицензияға сәйкес 1 жыл 10 ай оқу мерзімінде бітіріп шыға алады.

 

Қарсақпай агротехникалық колледжінде студенттерге бір мезгіл  күнделікті  тегін  ыстық тамақ беріледі, сырттан  келген  студенттер жатақханамен тегін  қамтамасыз етіледі,жылына 2 рет жолақы төленеді,әлеуметтік көмек беріледі және оқыған жылдары еңбек кітапшасына еңбек өтілі болып жазылады.

Құжат қабылдау мына мекен-жай бойынша:

           Ұлытау ауданы, Қарсақбай кенті,  Сәтбаев көшесі 3

 Анықтама телефондары:      87104123403;87051190965;  87755867889;   87774868466

Қабылдау комиссиясы


Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2021 ж. 21 сәуір
Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы

Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы

Толығырақ
Жаңалық
2021 ж. 21 сәуір
КӘСІБИ СЫНАМА КЕСТЕСІ

профпроба

Толығырақ
Жаңалық
2021 ж. 21 сәуір
Колледжге түсудің артықшылықтары

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

87104123402;87104123422
uly-kar-agr-teh@krg-edu.kz
101510, Карагандинская область,Улытауский район, поселок Карсакпай, ул.Сатпаева 3
https://kagk.mycollege.kz/