Біз туралы

Колледж тарихы

 

Еліміздің білім беру саласына өз үлесін қосып келе жатқан киелі шаңырақ, іргелі оқу ордасы – Қарсақпай агротехникалық колледжі.  Қарағанды облысы Ұлытау  ауданындағы «Қарсақпай агротехникалық колледжі»   коммуналдық  мемлекеттік мекемесі аудан көлеміндегі техникалық және кәсіптік  білім беріп, мамандар даярлайтын бірден-бір оқу орны. Оқу ордасының тарих парақтарын көз жіберсек, ол жылдан-жылға жалғасып, бүгінгі күндермен сабақтасып жатыр. Білім беру ұйымының училище дәрежесінен колледжге дейінгі эволюциялық жолдан өтуі – заңдылық. Колледж ірге тасы 1961 жылы қаланған болатын. Ол кезде  Ұлытау  және Жезді  аудандарымен өндірісі өркендеген Жезқазған-Қарсақпай аймағына жұмысшы маман кадрлар даярлау кең  көлемде  жүргізілді. Бұл аймақтардың өндіріс орындары мен совхоздарын автокөлік жүргізушісі, кең  көлемді тракторист-машинист, мал шаруашылығындағы ветеринар-оператор, дәнекерлеуші, слесарь – жөндеуші, электромонтер сияқты қажетті маман кадрлармен қамтамасыз етті. Оқу орны Кеңес Одағының тұсында Қазақстаннан тыс аймақтарға да әйгілі болған. Айтар болсақ, Ресей, Молдавия, Украина т.б. елдерден жастар ағымы оқуға келіп, әртүрлі мамандықтар алған. Ауылшаруашылық училищесі Одақтық, Республикалық ауылшаруашылық конкурстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген.

Кәсіптік бағыттағы білім – уақыт пен кезеңді талғамайтын , қоғамның қай саласында да өзіндік жауапкершілігі  мен ұстанымы бар білім саласы.. Бұл ретте  Қарсақпай топырағында алғашқы білім шаңырағы ретінде орта кәсіптік-техникалық училище болып құрылып, бүгінде 58 жылға жуық тарих бетін парақтаған колледжді ерекше айтуға болады. Осы уақыт ішінде біздің оқу орны еңбектің қай саласында болмасын, мыңдаған маман резервін даярлап ұшырған қасиетті білім ошағы болып табылады.

            Оқу орны тарихына үңілсек, колледж 1961 жылы №183 ауылшаруашылық кәсіптік-техникалық училищесі болып құрылды,1984 жылы училище атауы Жезқазған облыстық кәсіптік-техникалық білім басқармасының 25.08.1984ж.№97 бұйрығымен №13 орта кәсіптік-техникалық училищесі болып өзгертілді. 2002 жылы Қарағанды облыстық білім департаментінің 06.02.2002 ж. №58 бұйрығымен Қарсақпай поселкесінің №13 кәсіби мектебі болып, 2008 жылы Қарағанды облысы әкімдігінің 19.12.2008 жылғы №33/10 Қаулысымен Ұлытау ауданы Қарсақпай поселкесінің №13 кәсіби лицейі болып, 2012 жылдың 28 желтоқсанындағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қайта атау туралы» №66/06 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес оқу орны Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарсақпай агротехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертілді.

1961 жылдан 2021 жыл аралығында 15000ға жуық оқушылар әртүрлі мамандықтарды алып, өмірлік қажеттеріне жаратты.

Бүгінгі колледж – негізгі және орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіби білім беру саласында мемлекеттік тілде  бюджеттік бағытта  07161600 - «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», 04110100 – «Есеп және аудит», 07161700– «Ауылшаруашылығы техникасын пайдалану,техникалық қызмет көрсету және жөндеу»,  07161300- «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану»  мамандықтары бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартын іске асыратын, даму режимінде тұрақты жұмыс істейтін осы заманғы көп салалы оқу орны. Білім мазмұны жаңа біліктерімен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде.

Колледжде тұрақты және жоғары кәсіби білікті оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері ұжымы жұмыс істейді. 

Колледжде  білім алушыларға арналған оқу кабинеттері,оқу зертханалары,оқу-өндірістік шеберханалары,спорт зал,жатақхана,асхана,акт залы,кітапхана орналасқан жеті оқу корпусы және оқу шаруашылығы жұмыс істейді.

Колледжде оқу-тәрбие процесінде жеке тұлғаны әлеуметтендіру басты міндеттердің бірі болып табылады. Тұлғаның даму процесі, қоршаған ортамен араласуы, іс-әрекеті, тұлға дамуы, даму диагностикасы жоспарға сәйкес  жасалынады. Тұлғаны әлеуметтендірудің шарттары адамның дамуының сандық және сапалық көрсеткіштерінде байқалады. Жеке тұлғаны әлеуметтендіру ұзақ және күрделі процесс.. Колледжімізде әр студент – жеке тұлға екені жайлы, оларға тәрбие беру – жеке тұлғаны қалыптастыруға көп ықпал ететіні туралы педагогикалық маңызды іс-шаралар өтеді. Колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері өз сабақтарында жаңа инновациялық технологияларды, интерактивті тақтаны қолданумен қазіргі заманауи білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру үрдісіне енгізу бағытында көптеген іс шаралар атқаруда. Жыл сайын ашық сабақтар, топтан тыс жұмыстар саны көбеюде.

«Қарсақпай агротехникалық колледжі» КММ 2019-2020 оқу жылында 64 студент қабылдап,оқу процесін дәстүрлі бастады.Жалпы,8 оқу тобына сабақ кестесі құрылып,оқу процесі кестеге сәйкес жүргізілді.

Жаңа оқу жылында жергілікті бюджет есебінен 29 студент әр түрлі мамандықтарға құжат тапсырса,жаңадан ашылған  орта буын маманын даярлайтын «1201000- Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және     пайдалану» мамандығының «1201123–Техник-механик» біліктілігі ашылып, конкурстық негізінде 20 студент қабылданды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту 2017-2021» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен «1510000 – Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының «1510022 – Мал шаруашылық кешендері мен фермалар операторы» біліктілігіне 15 студент оқуға түсіп,мемлекеттік тапсырыс толығымен орындалды.

16-наурыздан елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты оқу процесі қашықтықтан білім беруге көшті.Бұл колледж оқытушылары мен студенттеріне оңай тиген жоқ.Дегенмен, уақытында шешім табылып,колледж студенттеріне classroom платформасы арқылы теория сабақтар жіберілсе, youtube  каналында  видеосабақтар көрсетілді.Бұларға қоса ватсап желісі мен майлру электронды поштасы қолданылды.Студенттер қажетті кезде барлық ақпараттармен қамтамасыз етілді.

2019-2020 оқу жылында колледжді 50 студент аяқтады.Дәл қазіргі кезде 43 студент еңбекке араласып кетсе, 4 студент ЖОО мен колледждерде оқуларын жалғастыруда.3 студентіміз Қазақстан Қарулы Күштері қатарында Отан алдындағы борышын өтеуде.

Колледжде 2020-2021 оқу жылы санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, оқу процесі дәстүрлі түрде,штат режимінде басталды.

Жаңа оқу жылында жергілікті бюджет есебінен 40 студент әр түрлі мамандықтарға құжат тапсырса, орта буын маманын даярлайтын «1201000- Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және     пайдалану» мамандығының «1201123–Техник-механик» біліктілігіне конкурстық негізінде 15 студент, тағы да жаңадан ашылған  орта буын маманын даярлайтын 0518000 – Есеп және аудит мамандығының 0518023-Бухгалтер-ревизор біліктілігіне конкурстық негізде 15 студент қабылданды.

 «Нәтижелі жұмыспен қамту 2017-2021» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен «1510000 – Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының «1510022 – Мал шаруашылық кешендері мен фермалар операторы» біліктілігіне 15 студент оқуға түсіп,мемлекеттік тапсырыс толығымен орындалды.

Оқу процесі санитарлық нормаларға сәйкес,кабинет режимін сақтай отырып, бі-бірінен қашықта орналасқан кабинеттерде,әр түрлі үзіліс,сабақ кестелерімен жүргізілуде.

Колледж жұмысының басты саласы-тәрбие.

Колледж тәрбие жұмысы келесі негізгі бағыттарға құрылған: Қазақстандық патриотизмдік бағыт, қоғамдық саяси және құқықтық сауат, еңбек тәрбиесі мен экологиялық мәселелер, спорт түрлерінің дамуы мен салауатты өмір салтын насихаттау, адамгершілік, эстетикалық және мәдени тәрбие, сондай-ақ білім алушылардың шығармашылық және ғылыми зерттеу мүмкіндіктерін дамыту. Колледжде білім алушылардың өзін-өзі басқаруы, жастар ұйымы жұмыс атқарады. Сонымен қатар,облыстық «Жігер» жастар қозғалысының жылдық жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізіліп отырады.

Оқу орнында облыстық «Жігер» жастар қозғалысының 8 бағыты бойынша студенттер қамтылған.КВН, Интеллектуалдар клубы, Еріктілер клубы, Салауатты өмір салтын сақтау клубы, Театр, «Жас кәсіпкерлер» клубы, Дебат клубы, Заманауи би клубы бағыттары бойынша барлық студенттердің 80% тартылған.

Оқу орнында колледж жастар комитетінен басқа облыстық «Жігер» жастар клубы жұмыс жасайды.Оның координаторы жас маман Қазыбай Жандос Ерболұлы.Колледжде облыстық «Жігер» жастар қозғалысының қозғалысының мүшесі,колледж Жастар ұйымының президенті бар.Ол 2-курс студенті Айдарбек Ерасыл.

Колледж студенттерінен құралған 4 команда Ұлытау аудандық КВН ойындарына қатысып,4 команданың үшеуі финалға жолдама алды.Финалда екі команда жеңіске жетіп, 2,3 орындар иеленді.Салауатты өмір салтын сақтау,театр, «Жас кәсіпкерлер» интеллектуалдар үйірмелері жоспар бойынша жұмыс атқаруда.

Облыстық «Жігер» жастар қозғалысының «Заманауи би» бағыты бойынша  2019 жылы «Жалындаған жастар» би тобы алғыс хат пен сертификатқа ие болса, 2020 жылы ФШ-21 оқу тобының студенттері Айдарбек Ерасыл мен Жанасыл 3-орын алып,марапатқа ие болды..Колледжге белсенді қатысқаны үшін алғыс хат берілді. «Дебат бағыты» бойынша қазақ және орыс лигасына «Болашақ» командасы мен «Патриот» командасы қатысып, «Алғыс хатқа» ие болды.

Облыстық «Жігер» жастар қозғалысының  «Мейірім» атты еріктілер клубының студенттері кентіміздегі жалғыз басты қарттарға қол ұшын созып отырады. Еріктілер клубының мүшелері кент әкімінің грамотасымен марапатталды.

Облыстық «Жігер» жастар қозғалысына студенттердің 80%ы қызығушылық арттырды.Бұл көрсеткіш былтырғыдан 20% артқан.

Оқу орнында облыстық «Жігер» жастар қозғалысының мүшесі болуға осы оқу жылының соңына 9 студент кандидатурасын ұсынып отырса, колледжің 4 ұстазы,3 студенті Облыстық «Жігер» жастар қозғалысының алғыс хатымен марапатталса, 2018 жыл қорытындысы бойынша колледжіміз «Белсенді колледж» дипломына ие болды.

Тәрбие беру жүйесінде адамгершілік, құқықтық, патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған игі іс шараларды өткізу дәстүрге айналған. Олар «Екі жұлдыз», «Күзгі бал», «Біз таланттарды іздейміз» байқаулары, «Студент қатарына қабылдау» салтанатты кеш және тағы басқа. Болашағымыздың тұтқасы жастар екенін ескере отырып, колледжде жастар саясатына ерекше көңіл бөлінеді, жастар ісі жөніндегі комитет «Жастар ұйымы» жұмыс істейді. Жастар ұйымының бастамасымен 2011 жылдан бері колледж оқыту мен тәрбиелеудің әдістері туралы ақпарат, колледж өмірі туралы материалдар жарияланған «Колледж айнасы» газеті шығарылып келеді. Колледжде студенттерді патриоттық тәрбиеге тарту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды.

Патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында колледжде қазақтың ұлттық ойындары  тоғызқұмалақ, асық атудан,арқан тартыстан сайыс өткізілді. Қарсақбай кенті Мәдениет үйінде 16-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай патриоттық әндер байқауы өтіп, колледж студенттері 1-орын иеленген болатын. Студенттерді патриоттық тәрбиеге тарту мақсатында көптеген

 іс-шаралар өтіп тұрады:«Менің тілім-менің байлығым», «EXPO-2017: Әлемге танылған Қазақстан»тәрбие сағаттары,«Ұлы дала,Мәңгілік Ел болашағы біздерміз!», «Нұраға-мақтанышым»  концерті, «Колледж ханзадасы-2019» ер жігіттер сайысы,«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» салтанатты жиналыс,концерті «Туған жерім-

алтын бесігім» тәрбие сағаты,«Ынтымақ түбі-береке», «Бір шаңырақ астында» концерттері жас

ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани тәрбиені де қалыптастыруға зор үлес қосады.

Студенттерге Жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Жемқорлық-қоғамның жауы», «Жемқорлыққа жол жоқ!» дөңгелек үстелдері өткізіліп, видеороликтер көрсетіліп отырады.Колледжде «Жемқорлыққа жол жоқ!» сенім телефондары көрсетілген стенд пен сенім жәшігі орнатылған.Стендте сенім телефондары мен жауапты адамдар туралы мәлімет көрсетілген. «Біз таза сессияны қалаймыз!» акциясы аясында студенттер газеттер көрмесін өткізді. Құқық қорғау органдарының өкілдерімен колледж қызметкерлерімен және студенттермен кездесулер жоспар бойынша өтіп тұрады.

Білім күні де «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты тақырыппен оқу жылын бастады.

Атаулы оқу орнында салауатты өмір салтын ұстану жоғары деңгейде.Студенттер осы орайда кенттік,аудандық,облыстық,республикалық спорттық сайыстарға белсене қатысады. Колледжде каратэ,бокс,қазақша күрес, грек рим күресі, баскетбол, волейбол, футбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ үйірмелері жұмыс жасайды.

                   Студенттерге салауатты өмір салтын ұстану үшін «Денсаулық фестивалі»  мен спорттық апталық аясында «Менің денсаулығым-менің болашағым» дөңгелек үстелі, «Толағай» спорттық сайысы, «Би әлемі» би сайысы, «Тек мықтылар ортада» спорттық сайысы өтті.

Жоспар бойынша барлық студенттер уақытында дәрігерлік скринингтен өткізіліп тұрады.

2019 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кахарман А.К. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының директор орынбасарларының арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жылдың жүз үздік директор орынбасары» атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанып,І дәрежелі дипломмен, «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталып,жинаққа шықты.

Жобалық қызметті ұйымдастыру арқылы колледж әкімшілігі педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамытуға жағдай жасап отыр. Колледжімізде аудандық, облыстық, республикалық жобаларға қатысуға жағдай жасалынған. Көптеген оқытушыларымыз ғылыми жобаларды қорғауда студенттерімізге жетекшілік етеді,өздері де қатысып,марапат,сертификаттарға ие болуда.2019 жылы Зияткерлік бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі және Тұңғыш Президент күніне орай колледж студенттері арасында өткізілген Елбасының тарихи бастамалары мен жобалары» атты дәстүрлі облыстық ғылыми жобалар байқауына АЕ-33 оқу тобының студенті Бекбай А.Е. қатысып,алғыс хат,сертификатқа ие болса, жетекшісі Қазыкенова С.З. алғыс хатқа ие болды.

Колледжімізде құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында да көптеген іс-шаралар атқарылып тұрады.Колледж психологы «Ең бастысы Адам бол!», «Сен және сенің ортаң» атты дөңгелек үстелдер өткізсе, тәрбие жоспарына сай  «Құқық әлемінде», «Тәртіпті бала-арлы бала», «Жасөспірім және Заң» тақырыптарында баяндама, жасөспірімдер инспекторымен кездесу,түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Адамгершілік тәрбие аясында «Мәңгілік ел-мәңгілік мұрат», «Жыр алыбы-Жамбыл», «Қыз-ұлттың ұяты,халықтың шырайы», «Жасы үлкен қария-ақылы мол дария», «Анама айтам мың алғыс» т.б.көптеген тәрбиелік мәні мол іс-шаралар өткізілді.

2020 жылдың 16 наурызында жарияланған төтенше жағдай мен карантин,пандемия кезінде де тәрбие жұмысы назардан тыс қалған жоқ. Интернет платформалары мен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асты,тәрбие  жұмысы  classroom  платформасында  жүзеге  асырылды.  Колледж  студенттері  Абай  өлеңдерінен оқудан сайысқа  түсіп,  бірлік, жеңіс  мерекелерінде  видеороликтер  дайындап, олардың  барлығы  youtube  каналында  жарияланды.                  Бұл кезде де ата-аналар жиналысы, Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы дәріс, Діни экстремизм жайлы дәріс, Салауатты өмір салтын ұстану туралы дәріс, «Ұлы Абай ұрпақтары» видеороликтер сайысы, «Ұлы Жеңіске 75 жыл» ерлік сабағы, Әскери әндерден құрылған флэшмоб, «Біз ұмытпаймыз..» фото мен видеоматериалдарды жариялау, «Ғаламшарды сақтайық!» ғылыми-зерттеу жұмыстары, Тақырыпты онлайн мастер-класстар, «Ауылды көркейтетін жобалар»,Жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама «Біз-жастар,жемқорлыққа қарсымыз!», «Мен жетекшімін» волонтерлар акциясы, Студенттің пайдалы бір күні атты жобалар орындалып,есеп жасалып отырды.

Барлық  іс – шаралар  рухани  жаңғыру  бағдарламасын  іске  асыру  мақсатында  жасалған.                                                                                                                      

2020 – 2021  оқу  жылында  тәрбие  жұмысы  онлайн  басталды. Жылдық  жоспар  Облыстық  Білім  басқармасынан  бекітіліп  келді. Дәл  қазіргі  таңда  сол  жоспар  бойынша  жұмыс  атқарудамыз.  Еңбек  күніне  берілген  жоспар  бойынша  барлық  іс – шара  атқарылып, әлеуметтік  желілерге  салынды. Өз саласының майталмандары-әр түрлі кәсіп иелерімен ZOOM платформасында онлайн дөңгелек үстел өткізілді, «Барлық мамандықтар маңызды,ал жұмысшылар қажет» атты жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсетуге арналған акция, «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» атты бейнероликтер жасалып,әлеуметтік желілерге салынды.                                          

           Рухани  жаңғыру  бағытымен  дәл қазір  колледжде  «Өткенді  ескеру – болашақтың кепілі»  тақырыбында  Абай  атамыздың  қара  сөздерінен,«Абай – дара  қазақта»  тақырыбында  эссе  сайысы  өтіп,жеңімпаздар марапатталды.

         «18-қазан Рухани келісім күні» қарсаңында оқу топтары қазақ халқының ырым-тыйымдары жайлы видеоролик түсірілді.

Колледж сайттары мен әлеуметтік желілерінде атқарылып жатқан тәрбие жұмыстары күнделікті салынып отырады.

         Короновирустың алдын-алу профилактика жұмыстарын жүргізу мақсатында инстаграм желісінде суреттер,стендтер,конкурстар өтіп, ақпарат жаңарып отырады.

Жастар ұйымының жұмыстары да әлеуметтік желілерге салынып,студенттер белсенділігін арттырып отыр.

Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.

         «Ұстаз-мектептің жүрегі» демекші,өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде ұстаздың орны ерекше.Сондықтан да жақсы жеміс алу үшін, тәрбие ағашын құнарлы таза сумен суаруымыз қажет.

Байланыс:

Адрес: ҚазақстанРеспубликасы, 101510 Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы, Қарсақпай кенті, Сатпаев көшесі,3

Қабылдау бөлмесі: +7 (71041) 23403, Факс: +7 (71041) 23422.
Email: masaipl13@mail.ru, uly-kar-agr-teh@krg-edu.kz

Сайт:mycollege.kz, www.qaratk.kz

 

Толығырақ

Біздің біліктіліктеріміз

Өтінімді қалдыру
Бағдарлама атауы
Басталуы
Мерзімі
Басталуы

2022 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 10 ай
Басталуы

2022 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 1 ай

Бухгалтер-кассир

Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2022 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 2 ай

Менеджер

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2022 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі

Бухгалтер

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2022 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 10 ай

Техник-механик

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2022 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі

Жөндеуші-слесарь

Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2022 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 2 ай

Техник-механик

Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2022 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
Барлық бағдарламалар (8)

Сен үйренесің

2 оқу жылы

Сурет пен бейне

Барлық медиа

Колледж прекрасный,прекрасные преподаватели.Приемная комиссия работает на отлично,сразу позвонили и ответили на все вопросы!Спасибо разработчикам этого сайта за такой шанс!!

Бізді қалай таба аласыз

87104123402;87104123422
uly-kar-agr-teh@krg-edu.kz
101510, Карагандинская область,Улытауский район, поселок Карсакпай, ул.Сатпаева 3
https://kagk.mycollege.kz/